{metadescription}
Қостанай облысында бекеттер қойылады

Қостанай облысында бекеттер қойылады

12 қарашадан бастап Қостанай облысының периметрі бойынша санитарлық бекеттер орнатылады.

Бұл туралы аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов мәлімдеді. Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штаб кеңесінде ол Қостанай, Лисаков, Арқалық, Рудный және Қостанай, Қарабалық, Жітіқара аудандары әкімдерінің есептерін тыңдады. Олар қазіргі эпидемиологиялық ахуал және карантин режимін сақтау бойынша мониторингтік топтардың жұмысы туралы баяндады.

Қала мен аудан әкімдерінің есептерін тыңдағаннан кейін 12 қарашада сағат 00.00-де облыстың периметрі бойынша санитарлық бекеттер қойылып, мониторинг топтарының жұмысын күшейту туралы шешім қабылданды. Бұған дейін санитарлық посттар тек Қостанай, Жітіқара қалаларының шекараларында және Ресеймен шекарада қойылған еді. Сонымен қатар, ол тұрғындар мен кәсіпкерлік субъектілеріне әлеуметтік желілер арқылы белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.