Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Медбике 8 баланы өлтірді деген күдікпен ұсталды
Ұлыбританиялық медбикеге сегіз сәбиді қасақана өлтірді және тағы он баланы өлтірмек болды деген айып тағылып отыр
11:02 12.11.2020
Ұлыбританияның Честер қаласының полициясы сегіз сәбиді өлтірді және он баланы өлтіруге оқталды деген айыппен Countess of Chester жергілікті ауруханасының қызметкері Люси Летбиді ұстағанын мәлімдеді. Тұтқындау туралы шешім 2015 жылдың маусымынан 2016 жылдың маусымына дейін аурухананың нәрестелер бөлімінде болған балалар өлімі мен жазатайым оқиғаларға қатысты жүргізіліп жатқан тергеу аясында қабылданды.
Люси Летби осы іс бойынша 2018 жылдың шілдесінде Честер ауруханасының нәрестелер бөліміндегі 17 баланың өліміне қатысты тергеу аясында ұсталған болатын. Оған айып тағылды, бірақ кепілмен босатылған. Кейінірек Чешир графтығының полициясы медбикеге тағы үш баланы өлтірді деген айып тақты.
Дереккөз: sputniknews.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram