Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Дәретханада қыздарға порно көрсеткен ер адам 10 жылға сотталды
Сотта ер адам жеке ұялы телефоны арқылы 2012 жылғы екі қызға порнографиялық видеоны көрсетіп, күш қолданбай азғындық әрекеттер жасағаны анықталды.
13:36 12.11.2020
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты сауда және ойын-сауық орталығында балаларға азғындық жасаған ер адамға қатысты үкім шығарды. Ресми мәліметке сәйкес, ер адамның әрекеті Қылмыстық кодекстің 124-бабы, 1-бөлігі – жас балаға қатысты күш қолданбай азғындық әрекет жасау бойынша қаралды. Сол үшін ең жоғары жаза тағайындалды.
"Сотта ер адам жеке ұялы телефоны арқылы 2012 жылғы екі қызға порнографиялық видеоны екі рет көрсетіп, күш қолданбай азғындық әрекеттер жасағаны анықталды. Ол алдымен сауда орталығының фойесінде, одан кейін әйелдер дәретханасына жәбірленушілердің соңынан кіріп көрсеткен", - дейді сот мамандары.
Сот ер адамды 10 жылға бас бостандығынан айырды. Үкім заңды күшіне енген жоқ. Тәжікстан азаматы болуы мүмкін: қызды сайға шақырған ер адам ұсталды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram