Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Нұр-Сұлтанда биыл Жаңа жыл тойлана ма?
Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметі жаңа жылдық іс-шаралар шешілмеген мәселе екенін айтты.
14:29 12.11.2020
Олардың өтуі немесе болмауы эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады.
"Жаңа жылдық іс-шараларды өткізу және олардың форматы эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады. Қазір көріп отырғанымыздай, іс-шаралардың көпшілігі онлайн режимінде, сондай-ақ санитарлық нормалар қатаң сақтала отырып өткізіліп жатыр", - деп түсіндірді әкімнің баспасөз қызметі.
Осыған сүйене отырып, жаппай мерекелік шаралардың күшін жою мүмкіндігі бар. Әкімдік бұл мәселе бойынша толығырақ жауапты кейінірек беруге уәде берді.
"Біз қосымша ақпарат береміз", - деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Ал Ресей астанасында қазірдің өзінде барлық мерекелік шара тоқтатылғаны белгілі болды. Мұндай шешімді Мәскеу мэрі Сергей Собянин қабылдаған. Мәскеу мэрі бұл мәлімдеме бизнес пен ұйымдастырушылар бұл іс-шараларға алдын ала ақша жұмсамауы үшін жасалғанын баса айтты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram