Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Алматыда мейрамхана мен саунаның жұмысы тоқтатылды
Бұл туралы Алматы қаласы Бостандық аудан әкімінің орынбасары Жанар Сәдуақасова онлайн брифинг барысында айтты.
15:06 12.11.2020
Оның айтуынша, аудандағы мониторингті топтар адамдар көп жиналатын нысандарда карантин шаралары қалай жүргізіліп жатқанын қатаң бақылауда. Тек 8-ші қарашадан бері 384 нысанды тексеріп үлгерген. Нәтижесінде 57 нысаның карантин ережелерін бұзғаны анықталған. Ол бойынша 7 хаттама толтырылып, 2 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салыныпты. Оның ішінде 6 жағдай маска тағу режимін бұзу бойынша тіркелген.
«Өткен демалыс күндері де аудандағы мониторингті топтар күшейтілген режимде жұмыс істеді, сондай-ақ оның қатарында қоғам белсенділері мен Jas Otan-дықтар, волонтерлер болды. Олар түнде 59 нысанды тексерді. Тексеріс кезінде 51 нысан жабық болған, ал 8-інде заңбұзушылық тіркелді. Мейрамхана, компьютерлік клуб сияқты 5 нысанның жұмысы бірден тоқтатылып, келушілер шығарылды. Сонымен қатар келушілер саны 50 пайыздан асып кеткен сауна тіркелді, Сондай-ақ 150 адам жиналып, қызұзату жасап жатқан «Хан сарайы» мейрамханасының жұмысы тоқтатылды», - деді Жанар Сәдуақасова.
Сонымен қатар ол бұл бағыттағы тексеру жұмыстары күнделікті атқарылып жатқанын жеткізді.
Дереккөз: Baq.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram