Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 52 миллионнан асты
Бір ғана АҚШ-та коронавирус инфекциясы расталған жағдайлар саны пандемия басталғалы бергі рекордты жаңартып, өткен тәулікте 145 835 адамды құрады.
17:47 12.11.2020
Әлемде 52 миллионнан астам адам коронавирус жұқтырды және бұл көрсеткіш қарқынды өсуде. Бұл туралы Джонс Хопкинс университетінің 11 қарашада жарияланған мәліметтеріне сілтеме жасап, korrespondent.net хабарлады. Сонымен, ай басынан бері вирус жұқтырғандар саны алты миллион адамға өскен.
Барлық вирус жұқтыру жағдайларының жартысынан көбі төмендегі бес елге тиесілі:
- АҚШ-10,3 миллион адам вирус жұқтырған;
- Үндістан-8,6 млн;
- Бразилия-5,7 млн;
- Франция-1,9 млн;
- Ресей - 1,8 млн.
Сонымен қатар, Испания, Аргентина, Ұлыбритания, Италия және Колумбия миллионнан астам жағдай анықталды.
Дереккөз: Baq.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram