Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қостанай облысында 8 санитарлық бекет қойылды
Қостанай облысының 6 ауданында санитарлық бекет жұмыс істей бастады.
18:55 12.11.2020
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Құрмет Мәжікенов мәлім етті
«Бүгін сағат 00.00 - ден бастап облыста қосымша 8 бекет қойылды. Олардың 5-еуі Арқалық қаласын және Қарасу, Сарыкөл, Қамысты және Ұзынкөл аудандарында болса, 3-еуі –Рудный қаласында. Бекеттердегі жұмысты қажетті қорғаныс құралдарымен жабдықталған полицейлер мен медицина қызметкерлері жүзеге асырады. Бекеттегі қызметті тәулігіне 12 сағаттан ауысыммен атқарады. Бекеттерді қоюдағы негізгі міндет – коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу үшін халықпен алдын-алу жұмыстарын жүргізу. Медицина қызметкерлері дене температурасын өлшей отырып, жүргізушілер мен жолаушыларды визуалды профилактикалық тексеруден өткізеді», - дейді Құрмет Мәжікенов.
Полиция қызметкерлері санитарлық бекет арқылы өтетін көлікті тексеріп, есепке алады, сондай-ақ облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысында көрсетілген шектеу шараларының сақталуын қадағалайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram