Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Балқашта ғимарат опырылып, ортасына түсті
Балқашта қараусыз қалған ғимарат опырылып, ортасына түсті, деп хабарлайды ҚР ТЖМ.
20:46 12.11.2020
Шамамен 360 шаршы метрді құрайтын қабырға құлады.
«Опырылу кезінде ұшқан кірпіш сынықтарынан ескі ғимаратқа іргелес орналасқан көлік жөндеу бекетінде болған төрт адам түрлі дене жарақаттарын алды», - деді Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли.
Сонымен қатар, жақын орналасқан көлік жөндеу шеберханасының шатыры, қабырғасы, терезе саңылаулары, құрал-жабдықтармен бірге үш автокөлік бүлінді. Төрт ер адам - көлік жөндеу шеберханасының жұмысшылары дәрігерлердің тексерулерінен кейін үйлеріне жіберілді. Қазір оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталуда.
Дереккөз: zakon.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram