Алматыда автокөлік аялдамаға соғылып, жерасты жолына түсіп кетті
Жол-көлік оқиғасы бүгін 12.50-де Бостандық ауданында болған.
18:13 14.11.2020
Оқиға орнының суреттері әлеуметтік желілерде жарияланды.
"Алматының Бостандық ауданында Mitsubishi Pajero жүргізушісі 1975 жылы туған әйел Сәтпаев көшесімен батыс бағытта келе жатып, көлігін тізгіннен шығарып алды, ол бетон жиекке жанасып, содан кейін қозғалысын жалғастырған ол аялдамаға соғылады, одан әрі аударылып, жерасты жаяу жүргіншілер өткеліне құлап түседі", - деп хабарлады полиция өкілдері.
Апат салдарынан жүргізуші, 1980 жылы туған әйел және 2015, 2010, 2014 жылдары дүниеге келген үш бала зардап шекті. Көлік апатының жай-жапсары мен себебі анықталып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!