Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Ғалымдар адам жасушаларынан ет жасап шығарды
Бір топ америкалық ғалымдар мен дизайнерлер адамның жасушаларынан ет жасап шығарды.
14:22 15.11.2020
Қолдан жасалған етке ғалымдар Ouroboros деген атау берді. Бұл сөз құйрығын тістеген жыланның атауы әрі ежелгі белгі болып табылады, табиғаттың тоқтаусыз ағымын білдіреді. Десек те зерттеушілердің өзі бұл дайындалған етті жеу адамды жегеннен бірдей деген пікірде. Ғалымдар мұндай өнімді жасау қиынға соқпайтынын айтуда. Сөздерінше, ол үшін адамның ұртындағы жасушаларды жинап, оны тұрып қалған қанның сарысуына салып қою керек. Бұдан бір тістем болатын ет өсіп шығады екен. Етті дайындауға үш айға жуық уақты кетеді.
Зерттеу жасағандар осы арқылы жануарлардың өмірін сақтауға болатынын алға тартуда. Осылайша адамдар қолданып жүрген етті дайындап шығуға болады.
Дереккөз: stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram