Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Ақтөбе облысында жеке тұрғын үйде жойқын жарылыс болды
Өрт жалпы 90 шаршы метр жерге шарпып, 9 адам зардап шекті.
16:35 15.11.2020
Жарылыс салдарынан үйдің қабырғалары құлады. Ақтөбе облысының Хромтау қаласында жеке тұрғын үйден өрт шығып, газ баллон жарылды. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады. Оқыс оқиға туралы хабарлама Ақтөбе облысы ТЖД кезекші- диспетчерлік қызметіне бүгін сағат 11.36-да түскен. Хромтау ауданы өрт сөндіру бөлімінің 10 адамы және 2 техникасы оқиға орнына дереу жетті.
"Оқиға салдарынан кезінде 9 адам зардап шекті. Оның ішінде 3 бала – 6,7 жастағы және жаңа туған сәби бар, балаларды күйік шалмаған. Олар қазір Хромтау қаласының орталық ауруханасында жатыр", - деп нақтылады Уәли.
Өрт жалпы 90 шаршы метр жерді шарпыған. Жарылыс салдарынан үйдің қабырғалары құлады. Оқиға орнында өрт сөндіру штабы ұйымдастырылды. Қабылданған шаралар нәтижесінде сағат 12.29-да өрт толықтай сөндірілді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram