Нұр-Сұлтандa сауда орталықтары сенбі күні жұмыс істейтін болды
Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігері Жанна Пірәлиеваның жаңа қаулысы жарияланды.
12:14 21.11.2020
Құжатқа сәйкес, астанадағы сауда орталықтарының сенбі күндері де жұмыс істеуіне рұқсат етілді. Сауда орталықтарындағы адам саны 30 пайыздан аспауы керек. Енді сауда орталықтары жұмыс күндері 10:00 мен 23:00 аралығында, сенбі күндері 10:00 мен 20:00 аралығында жұмыс істейді.
"Бұл нысандарды және олардың аумақтарында орналасқан аттракциондардың, балалардың ойын алаңдарының, ойын орталықтарының, кинотеатрлардың, фудкорттардың жұмысына қатаң тыйым салынады. Карантин және шектеу шараларын бұзу дерегі анықталған кезде сенбі күндері жұмысына тыйым салуды қамтамасыз ету керек", - делінген хабарламада.
Қаулы 2020 жылдың 24 қарашасында күшені енеді. Құжаттың толық нұсқасымен мына жерде танысуға болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары