Қарағандыда жасөспірім тоғызыншы қабаттан секіріп кетті
Қарағандыда 13 жасар жасөспірім тоғызыншы қабаттан секіріп кетті.
21:30 22.11.2020
Алған жарақаттарынан ол оқиға орнында көз жұмды. Әлеуметтік желілерде тұрғын үйдің ауласында жасөспірімнің денесі жатқан видео пайда болды . Бейнеде полиция қызметкерлері жылап жатқан әйелді ұстап, жұбатуда. Белгілі болғандай, 13 жастағы жасөспірім 9 қабатты үйдің төбесінен секірген. Әзірге қайғылы оқиғаның себебі белгісіз.
«Ағымдағы жылдың 22 қарашасында Қарағанды қаласының Карбышев көшесінде биіктен құлап кеткен 13 жастағы жасөспірімнің мәйіті табылды. Жәбірленуші 9 қабатты үйдің төбесінен секіргені анықталды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 105-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тергеу жүріп жатыр», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!