{metadescription}
Павлодарда ер адам лифт шахтасына құлап кетті

Павлодарда ер адам лифт шахтасына құлап кетті

Екінші қабаттан құлап түскен тұрғын №1 қалалық ауруханаға жатқызылды.

Облыстың денсаулық сақтау басқармасы хабарлағандай, зардап шегушінің білегі сынып, кеуде қуысы жарақаттанған.

«Ер адам  орталық әмбебап дүкеніндегі лифт шахтасына екінші қабаттан құлаған», - деп атап өтті ведомствода.

Облыстық полиция департаметінің мәліметінше, оқиға орнында полиция жұмыс істеп жатыр. Аталмыш фактіге қатысты тексеріс жүргізілуде. 

«Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шықты. Полиция қызметкерлері Ак. Сәтбаев көшесіндегі ОӘД ғимаратындағы бутиктердің бірінің сатушысы лифт шахтасына құлағанын анықтады», - деді департаментте.

Дереккөз: Pavlodarnews.kz

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

22 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.