{metadescription}
Қарағанды маңында 40 жолаушысы бар автобус аударылды

Қарағанды маңында 40 жолаушысы бар автобус аударылды

Қарағанды маңында жеңіл автокөлікпен соқтығысқан жолаушылар автобусы жол жиегіне аударылып қалды.

Жол апаты кезінде автобуста 40-қа жуық жолаушы болған. 28 қараша сағат 12.15 шамасында Қарағанды-Есенгелді автожолының 10-шы шақырымында Новодолинский кентіне жетпей жол апаты болды. «Мерседес Бенс» автомашинасының 29 жастағы жүргізушісі алдын ала деректер бойынша Шахтинск қаласы бағытымен жүріп келе жатып, 29 жастағы жүргізуші тізгіндеген №121 маршруттағы «Санос» автобусымен соқтығысқан.

«Жол апаты салдарынан автобус жол жиегіне аударылып кеткен. Автобустың 65 жастағы жолаушысы түрлі жарақатпен Шахтинск қаласының орталық ауруханасына жеткізілді. Жол - көлік оқиғасы кезінде автобус салонында 40-қа жуық жолаушы болған», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Аталмыш дерек полицияда тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Дереккөз: ҚазАқпарат

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

22 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.