Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қарағанды тұрғыны көшеде 60 жастағы әжейді зорлап кеткен
Қарағанды қаласының тұрғыны 60 жастағы әйелді зорлады деп айыпталып, кінәлі деп танылды.
19:41 02.12.2020
Ер адам жәбірленушіні осы жылдың маусым айында түнде көшеде зорлаған. Осы факт бойынша қылмыстық іс Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық сотында қаралды. Шабуыл және жыныстық зорлық-зомбылық кезінде сотталушы жәбірленушіні жарақаттағаны анықталды.
Қылмыс кезінде ер адам мас күйінде болған. Оған бірден ҚР Қылмыстық кодексінің үш бабы «Зорлау», «Зорлық-зомбылық белгілері бар жыныстық қатынас» және «Денсаулыққа қасақана орташа дәрежедегі ауырлық көрсету» бойынша айып тағылды. Сотталушының кінәсі іс бойынша жиналған дәлелдемелермен, оның ішінде сараптамалардың нәтижелерімен расталды.
«Сот айыпталушыны жоғарыда аталған баптар бойынша кінәлі деп танып, 6,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сот сонымен бірге жәбірленушінің моральдық зиянды өтеу туралы талабын ішінара қанағаттандырды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ», - деп хабарлады сот.
Қарағанды облысы прокуратурасының мәліметтері бойынша, соңғы 10 айда облыста адамға қатысты қылмыстар саны 16 пайызға артқан. Соның ішінде кісі өлтіру (3 пайыз) мен сексуалдық қылмыстар (37 пайыз) көбейген.
Дереккөз: Stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram