{metadescription}
Жануарлар жанашыры мысықты құтқарамын деп, көз жұмды

Жануарлар жанашыры мысықты құтқарамын деп, көз жұмды

Тайваньдағы Тайнань қаласының жануарлар жанашыры жараланған жабайы мысықты құтқарып, жол апатынан қайтыс болды.

29 қарашада кешкі уақытта 32 жастағы Чоу (Chou) Нанси округінің таулы аймағында қаңғыбас мысықтың жарақат алғанын білген. Ол жануарды алып, ветеринарлық клиникаға жеткізу үшін сол аймаққа барыпты. Ер адам мысықты алып, қайтар жолда көлік рөлін игере алмай көпір қоршауына соғылған. Артынша көлік өртке ораныпты.

Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер өртті сөндірді, бірақ жүргізушіні құтқару мүмкін болмады. Полиция тежегіш ізін таппады, бірақ Чoу бұл аймақты жақсы білмегендіктен және көпірге жақындаған кезде баяулауға уақыт болмағандықтан апат болуы мүмкін деп болжайды. Ал мысық оқиға салдарынан зардап шеккен жоқ. Марқұмның отбасы оны өзіне алды.

Дереккөз: Stan.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.