Бурабайда 4 әйелдің мәйіті табылды
Ақмола облысы Бурабай елді мекеніндегі пәтерлердің бірінде төрт әйелдің мәйіті табылды.
11:27 05.12.2020
Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиға 5 желтоқсанда болғанын айтты.
"Сағат 00:00-де Бурабай аудандық полиция бөлімшесінің кезекші бөліміне Бурабай тұрғыны қоңырау шалды. Ол көпқабатты үй пәтерлерінің бірінде төрт әйелді өлтіргенін айтқан. Жедел-тергеу тобы оқиға орнына барып, зорлық-зомбылық белгілері бар төрт әйелдің денесін тапты", - деп хабарлады полицияда.
Полиция қызметкерлері Бурабай ауылының бірнеше рет ұрлық жасағаны үшін сотталған 28 жастағы тұрғынын ұстады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, Қылмыстық кодекстің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша соталды іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!