{metadescription}
Қарағанды облысында өрттен үш адам қаза тапты

Қарағанды облысында өрттен үш адам қаза тапты

Қарағанды облысында өткен тәулікте өрттен үш адам қаза тапты.

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлім етті. 4 желтоқсанда сағат 12.28-де Абай қаласында бес қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатындағы пәтерден өрт шықты. Үйдегі заттар мен ағаштан жасалған терезе жақтаулары жанған. Ақпарат бойынша, өрт көлемі 5 шаршы метр. Өртсөндірушілер баспалдақ арқылы 2 адамды эвакуациялаған. 

Өрт сағат 12.45-те толық сөндірілді. Оқиға болған жерде 1962 жылы туған пәтер иесі қаза болды. 1953 жылы туған ер адам улы газбен уланып, ауруханаға жатқызылды. Алдын ала болжам бойынша, апат себебі өрт қауіпсіздігінің сақталмауы.

«Сондай-ақ, 5 желтоқсанда сағат 07.34-те Шахтинск қаласының Шахан кентінде бес қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатындағы пәтерде өрт шықты. 40 шаршы метр аумақ жанған. Өрт сөндірушілер кіреберістен баспалдақ арқылы 3 адамды эвакуациялады. Оқиға орнында 1957 жылы туған ер адам және 1962 жылы туған әйел қаза болды. Қабылданған шаралардың арқасында жалын сағат 08.45-те сөндірілді. ТЖД бөлімшелерінен 16 адам мен 3 техника жұмылдырылды. Алдын ала болжам бойынша, өрттің себебі ашық от көзі (сіріңке, темекі, шам және т.б.). ҚР ТЖМ барша азаматтардан өрт қауіпсіздігін қатаң сақтауға шақырады», - деді Т.Уәли.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.