Шымкентте КамАЗ 11 көлікті қағып кетті
Салдарынан 4 адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.
18:12 05.12.2020
4 желтоқсанда сағат 18.30-да Шымкентте Тәуке хан даңғылы мен Шалғынды көшесінің қиылысында жаппай жол-көлік оқиғасы болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, арматура тиелген КамАЗ-дың тежегіштері істен шығып, ол бірнеше көлікті қағып кеткен.
«Тәуке хан даңғылының бойында жол белгілерінің барлығы орнатылған. Сызбалары сызылып, жол тегістелген. Сондықтан бұл жерде жол-көлік оқиғасын тудыратын ешқандай себеп жоқ», - дейді қалалық ПД Жергілікті полиция басқармасының бастығы Мұхтар Бұхарбаев.
Қазіргі таңда «КамАЗ» жүргізушісіне тиісті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!