Қырғызстан барлық шетелдікке елге кіруге рұқсат етті
Бұған дейін тек 33 елдің азаматтарына кіруге рұқсат етілген еді, ал енді Қырғызстан барлығына ашық
09:38 06.12.2020
Қырғызстан билігі "Манас", "Ош", "Ыстықкөл" халықаралық әуежайлары арқылы келетін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды елге кіргізу туралы шешім қабылдады.
"2020 жылдың 4 желтоқсанынан шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар белгіленген заңнамалық тәртіпте тұрақты әуе қатынасымен Қырғызстанға келе алады", - делінген сыртқы істер министрлігінің хабарламасында.
Бұған дейін тек 33 елдің азаматтарына республикаға кіруге рұқсат етілген еді, енді шектеулер алынып тасталды. Хопкинс зерттеу орталығының мәліметінше, COVID-19 жұқтырғандар саны жағынан алғашқы ондыққа АҚШ, Үндістан, Бразилия, Франция, Ресей, Испания, Ұлыбритания, Аргентина, Италия және Колумбия кіреді. АҚШ-та 11 миллионнан астам адам індетке шалдықса, Колумбияда 1,2 миллион адам вирус жұқтырды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!