{metadescription}
Қазпошта бөлімшесінен түнде өрт шықты

Қазпошта бөлімшесінен түнде өрт шықты

Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде, қоймада қағаз жанып жатқан, тілсіз жау 30 шаршы метр аумақты шарпыды.

Түркістан облысы Кентау қаласында Қазпошта бөлімшесінен өрт шықты. Өрттің себебі анықталып жатыр, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли. Өрт туралы хабар "101" пультіне 5 желтоқсан сағат 22:58-де түсті. Кентауда үш қабатты тұрғын үйге жапсарлас салынған "Қазпошта" АҚ кеңсесінде өрт шыққан.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына келіп жеткен бойда қоймада қағаз жанып жатқаны анықталды. Тілсіз жау 30 шаршы метр аумақты шарпыды. Өрт сағат 23:20-да ауыздықталып, он минуттан кейін толығымен сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Төтенше жағдайдың себептері анықталуда. Өртті сөндіруге Түркістан облысы ТЖ департаментінің 14 қызметкері мен 4  техникасы жұмылдырылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.