Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Жүкті әйел құрбысының сәбиін 13-ші қабаттан лақтырып жіберді
Тергеушілер оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтап жатыр, бұл фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды.
15:16 06.12.2020
Мәскеуде әйел құрбысының емшектегі сәбиін 13-ші қабаттан лақтырып жіберді. Нәресте көз жұмды.
"Пәтерде сәбидің анасы мен танысы болған. Алдын ала мәлімет бойынша, әйелдің құрбысы баланы терезеден лақтырып жіберген. Нәресте алған жарақатынан көз жұмды", - деді РФ ТК Бас тергеу басқармасының өкілі Юлия Иванова.
Қазіргі таңда тергеушілер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Бұл фактіге қатысты "Кішкентай баланы өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Құқыққорғау органдары сәбидің 13-ші қабаттағы пәтердің терезесінен құлағанын нақтылады.
"112" Telegram-каналдың ақпаратынша, баланы лақтырған әйелдің есімі – Дарья. Ол өзі де сәби күтіп жүр, құрбысының үйіне жүкті әйелдерге арналған бандажды алып кетуге келген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram