{metadescription}
Қостанай облысында қараусыз қалған екі бала өрттен көз жұмды

Қостанай облысында қараусыз қалған екі бала өрттен көз жұмды

Қостанай облысында қос бүлдіршін түтінге тұншығып өлді. 

Ата-анасы 2 және 4 жастағы баласын сыртынан жауып, көрші ауылға азық-түлік алуға кетіпті. Осы кезде жер үй отқа оранған. Әке-шешесі қызыл жалын ортасынан балаларды алып шыққанымен, бейкүнә сәбилерді аман алып қалу мүмкін болмады.

Қайғылы оқиға Фрунзенское ауылында болды. Балалар бөлмесінен шыққан қызыл жалын әп-сәтте бүкіл жиһаз бен заттарды шарпып үлгерген екен. Отқа оранған баспанадан бүлдіршіндерді әке-шешесі өзі алып шыққанымен, түтінге әбден тұншыққан қос сәби шейіт болды. Ата-анасы оларды үйге  жалғыз тастап кеткен екен.

"Балалар отпен ойнап, өрт шығуы мүмкін деп болжап отырмыз. Ал олардың өліміне улы түтін себеп болған шығар. Нақтысын тек сот-медициналық сараптамасынан соң ғана айта аламыз. Ал тұрғындардан баланы жалғыз қалдырмауды өтінеміз!", - дейді Қостанай облысы ТЖД бас маманы Гүлдана Әлмағамбетова.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.