Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Атырауда велосипедші мұз астына түсіп кетті
Мұз астына түсіп кеткен адам шетел азаматы екені анықталды, куәгерлер оған арқан лақтырып, суық судан шығарып алды.
19:13 06.12.2020
Атырауда велосипед мінген ер адам мұз астына түсіп кетті, оны жергілікті балықшылар құтқарды. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды. Ер адамның киіміне қарағанда, ол жаттығу жасап жүрген. Куәгерлер оны және велосипедті судан шығаруға көмектесті.
Әзірге толық ақпарат жоқ, белгілісі қиын жағдайға тап болған велосипедші Қазақстан азаматы емес. Атырау облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі ведомствоға қоңырау түспегенін хабарлады.
"Біздің күштер мен құралдар жұмылдырылған жоқ", - деп толықтырды департамент.
Ақпарат әзірге нақтыланып жатыр, деп түйіндеді құтқарушылар.
Дереккөз: sputniknews.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram