{metadescription}
Қазақстанда тағы 4 ауыл карантинге жабылды

Қазақстанда тағы 4 ауыл карантинге жабылды

Солтүстік Қазақстан облысында тағы төрт ауыл карантинге жабылды.

Қазақстанның санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бұл шаралар облысты коронавирус бойынша "қызыл" аймақтан шығару үшін қабылданғанын айтты. Комитет мәліметінше, Есіл ауданында 7 желтоқсаннан бастап Явленка ауылы, ал 3 желтоқсаннан бастап Ясновка ауылы қайтадан карантинге жабылды. Жұмабаев атындағы ауданда коронавирусқа байланысты Таман және Успенка ауылдарында да шектеу шаралары енгізілгені айтылады.

Комитет 9 қарашадан бастап Петропавлдың периметрі бойынша блокбекеттер орнатылғанын еске салды. Эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін өңірде бес ауданда 11 елді мекенді жабу туралы шешім қабылданған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде