{metadescription}
Ғарышкер Талғат Мұсабаев мерейтойын атап өтуде

Ғарышкер Талғат Мұсабаев мерейтойын атап өтуде

Бүгін аты аңызға айналған Талғат Амангелдіұлы Мұсабаевтың 70 жас мерейтойы.

Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Алматы облысы Жамбыл ауданында дүниеге келген. Рига азаматтық авиация инженерлері институтын және Ақтөбе жоғары ұшқыштар училищесін бітірген. Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының ұшқыш-ғарышкері, Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы және Ресей Федерациясының Батыры, авиация генерал-лейтенанты, гимнастикадан және ұшақ спортынан КСРО спорт шебері, КСРО чемпионы, техника ғылымының докторы, «Экология» Қазақстан халық академиясының академигі. Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Америка Құрама Штаттары облыстарының, қалаларының, аудандарының Құрметті азаматы.

Қалыптасқан дәстүр бойынша Талғат Мұсабаевты туған күнімен 7 қаңтарда құттықтайды. Ал бүгін оның нақты дүниеге келген күні! Құрметті Талғат Амангелдіұлы сізге отбасылық бақыт, зор денсаулық және амандық тілейміз!!!

Ғарышкермен эксклюзивті сұхбаттың толық шығарылымын осы бейсенбіде Youtube-те «Без фильтров» бағдарламасынан көре аласыздар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде