Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Ақсайда 25 жастағы жігіттің аяғына оқ тиген
Ақсай қаласында аяғына оқ тиген 25 жастағы тұрғын ауруханаға түсті.
19:42 07.12.2020
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, оқиға 5 желтоқсан күні түнде қаланың солтүстік бөлігінде болған. Сағат 23.50-де 25 жастағы тұрғын атыс жарақатымен Бөрлі аудандық орталық ауруханасының хирургиялық бөлімшесіне түсті. 23 жастағы күдікті ұсталып, уақытша оқшаулау изоляторына қамалды. Мылтық тәркіленді.
Қазіргі кезде оқиғаның неден өрбігені анықталу үстінде. ҚР ҚК 293-бабы 3-бөлігіне сәйкес (бұзақылық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бөрлі аудандық орталық ауруханасынан түскен мәліметке қарағанда, сол жақ балтырына оқ тиген тұрғынға ота жасалған. Жағдайы орташа деп бағалануда.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram