Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Петропавлда күйеуінің ұрғанынан шаршаған әйел көпірден секірмек болды
Петропавлда тәртіп сақшылары 6 желтоқсанға қараған түні суицидтің алдын алды.
20:15 07.12.2020
Жұмысшылар ауылындағы көпірден өтіп бара жатқан тәртіп сақшылары биіктен секірмек болған әйелді байқаған. Олар бірден оған көмектесуге асыққан.
ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми сайтының хабарлауынша, сол күні 33 жастағы екі баланың анасы өзін сан мәрте соққыға жыққан бірге тұратын еркектің үстінен полицияға арыз жазып қалдырады, бірақ үйіне қайтуға қорқады. Ол құрбысының үйіне барып қонбақшы болады, алайда ол оны үйіне кіргізбеген. Сол кезде әбден ашынған әйел бұл өмірмен қош айтысуды жөн көреді. Сөйтіп балаларын аудандағы туыстарына қалдырады.
Қазіргі уақытта ол тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған орталыққа орналастырылды. Полиция сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша, әйелді сабағыш еркекті жауапқа тарту туралы шешім қабылданатынын атап өтті.
Дереккөз: zakon.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram