{metadescription}
Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қазақстандықтар енді зейнетақысын басқа елдерде тұрып та ала алатын болды
Мемлекет басшысы «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
09:37 08.12.2020
Осыған дейін түсіндірілгендей, келісімнің негізгі мақсаттары:
- жұмысқа орналастырушы мемлекеттің азаматтары сияқты шарттарда және тәртіппен ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағында еңбекшілердің зейнетақы құқықтарын қалыптастыру, сақтау және іске асыру;
- еңбекшілердің зейнетақысын тағайындауға және экспорттауға байланысты мәселелерді шешу;
- ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер арасындағы зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы ынтымақтастықты дамыту.
Келісім тұрғылықты мемлекеттің аумағында зейнетақы алу құқығын береді және тағайындалған зейнетақыны зейнеткерлер тұратын мемлекетке аударуды көздейді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram