Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Алматы зообағындағы кәрі ақ аюға эвтаназия жасалды
Алматы зообағы 31 жасар ақ аю Алькормен қоштасты.
11:38 09.12.2020
Бұл ақпарат зообақтың Instagram желісіндегі ресми парақшасында жарияланды.
«Бүгін қайғылы күн. Алькордың жағдайы қиындап жатқанын хабарлаған болатынбыз. Соңғы 2 айда Ресей, Израиль зообақтарының ветеринар дәрігерлерімен, EAZA мамандарымен бірлесе отырып, Алькорды емдеу үшін барынша күш салдық. Бірақ кәрілікті емдей алмаймыз. Соңғы уақытта ол жеңсік асынан да бас тарта бастады. Халықаралық зообақтар қауымдастығының мамандарымен кеңесе отырып бүгін осы бір ауыр шешімді қабыладық. Алькорды қиналудан құтқару үшін ветеринарлар эвтаназия жасады. Алькор біздің жүрегімізде мәңгілік қалады», - делінген жазбада.
Ол Алматы зообағына 1990 жылы 1 жасар қонжық кезінде келген. Биыл 7 желтоқсанда аю 31 жасқа толды. Мұның алдында зообақ Алькордың ахуалы нашарлауына байланысты вольердің әйнек қабырғасын жапқан болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram