{metadescription}
Өткен тәулікте 9 адам коронавирустан көз жұмды

Өткен тәулікте 9 адам коронавирустан көз жұмды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі 9.12.2020 күнге арналған коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпарат жариялады.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 13 986 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 1 003 бала бар. Стационарларда 3 747 науқас жатыр. 10 239 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 231 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 33 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 38 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр. Пандемия басталғалы 2 105 адам коронавирустан қайтыс болды.

Ал бір тәулікте 215 адам пневмонияға шалдықты, бірінші тамыздан бастап 456 адам пневмониядан көз жұмды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.