{metadescription}
0:000:00

Алматы облысында үстелді ұрған бас дәрігер жазаланды

Алматы облысында «эмоциясын» ұстай алмай, үстелді жұдырықпен ұрған бас дәрігер Нұрлан Құлсейітов қатаң сөгіс алды.

Талғар аудандық ауруханасының бас дәрігеріне мұндай шешімді арнайы комиссия шығарды.

«Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының 2020 жылғы 17 карашадағы № 394-І «Кызметтік тексеріс жүргізу туралы» бұйрығы негізінде комиссия құрылды. Тексеріс барысында осы медициналық ұйымның басшысына қатысты «Қатаң сөгіс» түрінде тәртіптік шара қабылдау туралы шешім қабылданды», - делінген Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан ресми хабарламада.

Еске салайық, Талғар ауданы орталық ауруханасының бас дәрігері тұрғындармен кездесу өткізген болатын, онда бір адам дәрігерге дәрімен қамтамасыз етуге байланысты сұрақ қойған соң, бас дәрігер жауап ретінде айғайлап, қолымен үстелді ұрады. Кейін кездесу өтіп жатқан жерден шығып кетеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.