Алматыда сауда орталықтарының жұмыс уақыты өзгерді
Алматыда сауда орталықтарының жұмыс уақыты қайтадан шектелді.
17:35 09.12.2020
Енді жексенбі күні қаладағы сауда орталықтары жұмыс істемейді. 9 желтоқсанда вице-премьер Ералы Тоғжанов пен Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың медицина жұртшылығымен кездесті.
Кеңес қорытындысы бойынша, Алматы қаласының әкімдігіне бірқатар нақты тапсырма берілді, оның ішінде, сауда орталықтарының, сауда нысандарының жұмысын сенбі сағат 17:00-ге дейін шектеу, жексенбі күні санитарлық күн жариялап, жабу туралы шешім қабылданды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!