{metadescription}
Нұр-Сұлтан мен Алматыда жаңажылдық корпоративтерге тыйым салынды

Нұр-Сұлтан мен Алматыда жаңажылдық корпоративтерге тыйым салынды

Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді.

"Коронавирусқа қатысты жағдай шиеленісіп тұр, осыған байланысты кәсіпкерлерге тағы да айтарым - жаңажылдық ертеңгіліктер мен корпоративтерге тыйым салынады", - деді Бекшин.

Сондай-ақ Нұр-Сұлтандада жаңажылдық корпоративтік кештер өтпейді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов айтып берді.

"Жаңа жылда корпоративтік кештер өткізбеуіміз керек. Барлық кәсіпорынға үндеу жасағым келеді: әріптестер кешін өткізбеңіздер, санитарлар бұған тыйым салып отыр. Әсіресе кафе-мейрамханалар мұны өткізбеуі керек, ол үшін жауапкершілік көзделеді. Мысалы, бұл тыйымды елемейтін мейрамханалар мен түнгі клубтар бар. Оларға бірнеше рет айыппұл салынды. Бірақ, олар үшін айыппұл сомасы түк болмай шықты, сенесіздер ме? Олар келушілерге қауіп төндіріп отыр. Сондықтан құқық қорғау қызметі мен сот органдарына әкімшілік жабу тәсілін қолдануға қолдануға тура келді", - деді әкім Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде