{metadescription}
Елімізде ауа температурасы төмендеп, аяз күшейеді
10-12 желтоқсан аралығында қар жауып, ауа температурасы төмендейді, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
18:52 09.12.2020
Солтүстік-батыс антициклонының әсерінен жауын-шашын біртіндеп тоқтайды және ел аумағында ауа температурасы төмендейді. Тек Қазақстанның солтүстігі мен шығысында қар жауады.
Шығыста онкүндіктің басында қатты қар жауып, жел күшейеді және боран соғады. Кей жерлерде тұман және көктайғақ байқалады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!