{metadescription}
Қазақстанда сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары басталды

Қазақстанда сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары басталды

Қазақстанда мәжіліс депутаттары сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары басталды.

Орталық сайлау комиссиясы Конституциялық заңның 27-бабының 2-тармағына сәйкес сайлау алдындағы үгіт-насихат кезеңі партиялық тізімдерді тіркеу мерзімі аяқталған сәттен, яғни 10 желтоқсан жергілікті уақытымен 00.00-де басталып, сайлау күнінен бір күн бұрын, 9 қаңтарда 18.00-ден бастап 00.00-ге дейін  аяқталады деп хабарланды. 

Мәжіліс депутаттары сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары да осы заңға сәйкес өтеді. Дауыс беру сайлау учаскелерінде сайлау күні жергілікті уақытпен 07.00-ден 20.00-ге дейін өткізіледі. Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын мәжіліс депутаттығына кандидаттар ұсыну құқығы ҚХА кеңесіне тиесілі. Үміткерлерді ұсыну бір ай бұрын - 11 желтоқсанда басталады және сайлауға 21 күн қалғанда, яғни осы жылдың 22 желтоқсанында жергілікті уақыт бойынша 18.00-де аяқталады.

Кандидаттарды тіркеу, егер сайлауды тағайындау кезінде өзгешеліктер белгіленбесе, 20 күн бұрын - 22 желтоқсанда басталады және сайлауға 15 күн қалғанда - 27 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша 18.00-де аяқталады. Еске салайық, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәжіліс пен мәслихат сайлауын 2021 жылдың 10 қаңтарына белгіледі. Парламенттің төменгі палатасындағы орындар үшін алдағы сайлауда бес партиядан кандидаттар таласады:

Nur Otan партисы
Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясы 
Қазақстан Халық партиясы (экс-коммунистер);
"Ауыл" халықтық-демократиялық партиясы
"Адал" саяси партиясы

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.