{metadescription}
Нұр-Сұлтандағы атышулы ЛРТ құрылысы жалғасады

Нұр-Сұлтандағы атышулы ЛРТ құрылысы жалғасады

Елордадағы атышулы ЛРТ құрылысы жалғасады.

"Жемқорлықтың ескерткішіне айналған" ірі жобаны аяқтауға атқамінерлер инвестор іздеп жүр екен. Бұған дейін мемлекеттің миллиардтарын желге ұшырған шенеуніктер енді ЛРТ-ға қазына қаржысы бөлінбейтінін айтты. Халық ауызында сыбайлас жемқорлықтың ескерткішіне баланып жүрген ЛРТ жобасы әуежай мен жаңа теміржол вокзалын жалғауы тиіс еді.

Бірақ тәуір бастаманың соңы аяқсыз қалды, себебі - жемқорлық. Енді үкімет барлығы күдерін үзген жобаға жан бітіру үшін, яғни аяғына дейін жеткізбекке инвесторлар іздеп жатыр.

"Бірден айтайын, ЛРТ құрылысына әуел бастан зейнетақы қорынан немесе Ұлттық қордан қаржы қарастырылмаған, қарастырылмайды да. Бастапқы инвестиция Қытайдың даму банкінен бөлінген. Ол қарыз жабылды. Қазіра жобаны құрдымға жібергендердің ісімен сот айналысып жатыр. Көлік қатынасын айтарлықтай жеңілдетуі тиіс алып жобаны аяқсыз қалдырудың еш қисыны жоқ", - деді Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде