{metadescription}
Нұр-Cұлтан коронавирустың таралуы бойынша қызыл аймаққа енді

Нұр-Cұлтан коронавирустың таралуы бойынша қызыл аймаққа енді

Нұр-Сұлтан коронавирустың таралуына байланысты "қызыл" аймаққа енді.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 10 желтоқсандағы жағдай бойынша "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан мен Павлодар облысы орналасқан. "Сары" аймақта: Шығыс Қазақстан, Атырау, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары және Алматы қаласы. Қалған өңірлер "жасыл" аймақта орналасқан.

Кеше (9 желтоқсандағы деректер бойынша) Қазақстанда 777 адам коронавирус жұқтырды. Оның 121-і - елордада. Бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов коронавирусқа байланысты локдаун туралы сұраққа жауап берген болатын. Оның айтуынша, қазір қаланы жабу жоспары жоқ.

"Егер оң нәтижелер көбейсе, қосымша карантиндік шектеулер болады. Сондықтан өте мұқият болу керек және санитарлық қауіпсіздік ережелерін сақтау керек. Сонда қосымша карантиндік шектеулер болмайды", - деді Көлгінов.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.