{metadescription}
БҚO-да жеңіл көлік КамАЗ-бен соқтығысып, 3 адам қаза тапты

БҚO-да жеңіл көлік КамАЗ-бен соқтығысып, 3 адам қаза тапты

Батыс Қазақстан облысында «Toyota Camry» «КамАЗ» жүк көлігімен соқтығысып, үш адам қаза тапты.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгін Шыңғырлау ауданы аумағында болды. Шамамен сағат 09.30-да Самара-Шымкент жолында 27 жастағы жүргізуші жеңіл көлігімен қарсы жолаққа шығып кеткен. Сөйтіп 28 жастағы жүргізуші айдап келе жатқан «КамАЗ» автокөлігімен түйісуге жол берген.

Соның салдарынан жеңіл көлікте отырған екі жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Тағы біреуі көршілес Ақтөбе облысы Қобда аудандық орталық ауруханасында қайтыс болды. Жүргізуші мен тағы бір жолаушы ауруханаға жатқызылды. Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде