Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Ақсудағы зауытта кран кабинасы жанып, әйел күйіп қалды
Ақсудағы ферроқорытпа зауытында кран кабинасы жанып, 57 жастағы әйелді күйік шалды, деп хабарлайды Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі.
17:40 10.12.2020
«Кран өртенді. Оқиға орнында «Қазхром» ТҰК АҚ филиалын күзету жөніндегі өрт сөндіру бөлімі жұмыс істеді. Өрт алаңы төрт шаршы метрді құрады», - деп мәлім етті баспасөз қызметі.
Павлодар облысы еңбек басқармасының дерегінше, краншы зардап шеккен.
«9 желтоқсанда сағат 14.37-де «Қазхром Трансұлттық компаниясы» АҚ Ақсу ферроқорытпа зауытының аумағында, №6 цехта шөміштен қож балқымасын ыдысқа электр көпірлі кранмен құю жұмыстарын жүргізу кезінде қайғылы жағдай орын алды. Салдарынан кран машинисі денесінің 10-12 пайызын термиялық күйік шалды», - деп хабарлады еңбек жөніндегі бас инспектор Асқар Қапанов.
Мемлекеттік еңбек инспекциясы жазатайым оқиға қатысты тергеу ұйымдастырады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасында әйел адамның жағдайы орташа ауыр, бірқалыпты деп бағалауда. 57 жастағы әйел 9 желтоқсан күні ауруханаға жеткізілді.
Дереккөз: Pavlodarnews.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram