Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Бір тәулікте қанша қазақстандық коронавирус пен пневмониядан көз жұмды
Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратынша, қазір төрт мыңға жуық науқас стационарларда жатыр, 237 пациенттің жағдайы ауыр.
11:34 11.12.2020
Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус пен ковидтік пневмониядан он үш адам қайтыс болды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі. Бір тәулікте COVID-19-дан 9 пациент көз жұмса, пневмониядан 4 адам қайтыс болды. Министрліктің мәліметінше, қазір коронавирустан 13 818 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 999 бала бар. Стационарларда 3 862 науқас жатыр. 9 956 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
237 науқастың жағдайы ауыр, соның ішінде 32 адам хәл үстінде жатыр. 43 пациент жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram