Маман миға ең зиянды өнімдер туралы айтты
Дұрыс тамақтанбау адам ағзасындағы басқа мүшелерден гөрі миға көбірек зиян тигізеді.
12:07 11.12.2020
Бұл туралы Корнелл университетінің неврология және радиология кафедрасының доценті Лиза Москони айтты. Лиза Москонидің айтуынша, құрамында жануарлардан алынатын қаныққан майлар бар өнімдер жүрек-тамыр жүйесі аурулары мен танымдық проблемалардың даму қаупін арттырады.
"Біз майлы, тәтті тағамдарды жеп, енжарлық, мидың бұлдырлығы және ұйқышылдық сияқты белгілерді сезінгенде, бұл белгілер асқазанда емес, мида пайда болады", - деді маман.
Сонымен қатар мұндай диета мидың функционалды және құрылымдық элементтерінің жоғалуына әкеліп соғады және оны қартаю мен ақыл-ес бұзылуларына осал етеді, деп ескертті Москони. Теріс салдардың алдын алу үшін дәрігер антиоксиданттарға, соның ішінде С және Е дәрумендеріне, бета-каротинге, омега-3 май қышқылдарына және қабынуға қарсы В дәрумендеріне бай тағамдарды жеуге кеңес берді.
Дереккөз: stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!