Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қазақстан мектептерінде онлайн оқыту тоқтатыла ма
Әлеуметтік желіде Қазақстан мектептерінде онлайн оқыту тоқтатылып, білім берудің жаңа тетіктері қолға алынатындығы туралы ақпарат тарауда.
13:05 11.12.2020
Осыған орай ҚР Білім және ғылым министрлігі түсініктеме берді.
«Карантиндік шектеулер кезінде мектептердің жұмысына қатысты шешімді тек санитар дәрігерлер қабылдай алады. Онлайн оқу мен қашықтан оқу - екі түрлі формат екенін ескерулеріңізді сұраймын. Қазіргі эпидемиологиялық жағдайға байланысты оқушылар негізінен қашықтан оқып жатыр.
Жаңа оқу жылында министрлік тарапынан мұндай мәселе айтылған жоқ. Әрине, білім саласына жауап беретін министрлік ретінде балалардың тезірек мектеп қабырғаларына оралғанын қалаймыз. Дегенмен, барлығымыз Денсаулық сақтау министрлігінің талаптарын орындауға міндеттіміз», - деді ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз хатшысы Гауһар Омарбек.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram