Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қазақстанда жаңа 100, 200, 500 теңгелік жаңа монеталар шығарылды
Қазақстан Ұлттық Банкі "Белка және Стрелка", "Sundet toi" коллекциялық монеталарын айналымға шығарып жатыр, деп хабарлайды Ұлттық банк баспасөз қызметі.
15:13 11.12.2020
"Белка және Стрелка" монеталары күмістен номиналы 500 теңгелік, мельхиор қоспасынан номиналы 200 теңгелік және нейзильбер қоспасынан номиналы 100 теңгелік жасалған. Коллекциялық монеталар "Ғарыш" монеталар сериясын жалғастырады. Монеталар Белка мен Стрелка иттері Қазақстан жеріндегі "Байқоңыр" ғарыш айлағынан "Восток" ғарыш кемесінде ұшқан күннен бастап 60 жыл толуына арналған. Белка мен Стрелка – орбитаға сапар шеккен және Жерге аман оралған кеңестік космонавт иттер.
Монеталардың аверсінде ортасында адамзат пен ғаламшардың бірлігін, өткен күн мен осы күннің байланысын білдіретін композиция бейнеленген. Монеталардың оң жақ бөлігінде монеталардың номиналын білдіретін: танталы бар күміс монетада "500 теңге", мельхиор қоспасынан жасалған монетада "200 теңге", нейзильбер қоспасынан жасалған монетада "100 теңге" деп жазылған. Танталы бар күміс монета номиналының астында - монета дайындалған металды, оның сынамасы мен массасын білдіретін Ag 925 14,6 g Та 26,8 g деген жазу бар. Төменгі жағында - Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі (логотипі) бар. Жиегінде мемлекеттік тілде QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY, ағылшын тілінде REPUBLIC OF KAZAKHSTAN деп айналдыра жазылған жазу бар.
Монеталардың реверсінде ортасында - ғарыштық айшықталған капсуладағы Белка мен Стрелканың бейнесі. Жоғары бөлігінде ашық ғарыштың символын білдіретін жұлдыздар шоғырын көруге болады. Жиегінде орыс тілінде "Белка" мен "Стрелка", ағылшын тілінде BELKA мен STRELKA деген жазу, сондай-ақ оқиғаның мерейтойлы датасын білдіретін "1960-2020" деп айналдыра жазылған жазу бар.
"Sundet toi" коллекциялық монеталарының номиналы 500 теңгелік күмістен, номиналы 100 теңгелік мельхиор қоспасынан және номиналы 100 теңгелік нейзильбер қоспасынан жасалған "Sundet toi" коллекциялық монеталары "Қазақстанның салт-дәстүрлері, ұлттық ойындары" монеталар сериясын жалғастырады.
Сүндет той – қазақтың ұлттық салт-дәстүріне айналған қазақтың ежелгі әдет-ғұрпы. Сүндетке отырғызбас бұрын болашақ жігітті атқа отырғызып, кейін сыйлық берген.
Монеталар коллекциялық құны бойынша сатуға арналған. Номиналы 500 теңгелік, 200 теңгелік және 100 теңгелік коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есепке алу үшін және аударым жасау үшін қабылдануға міндетті, Қазақстан Республикасының барлық банкінде шектеусіз ұсақталадыт және айырбасталады.
Күмістен дайындалған монеталар кәдесыйлық ораумен шығарылады және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған. "Proof-like" сапасымен мельхиор қоспасынан жасалған монеталар кәдесыйлық ораумен шығарылады. «Brilliant uncirculated» дайындау сапасымен мельхиор қоспасынан жасалған монеталар арнайы полиграфиялық ораумен шығарылады.
Коллекциялық монеталар Қазақстан Теңге сарайында дайындалды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram