Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Ғалымдар балаларда коронавирустың жаңа белгілерін анықтады
Нью-Йорк университеті Гроссман медицина мектебінің мамандары COVID-19 жұқтырған балаларда ерекше симптомдар байқалғанын айтты.
17:49 11.12.2020
Express басылымының мәліметінше, коронавирус балаларда көп жағдайда жеңіл немесе симптомсыз өтеді. Алайда мультижүйелі қабыну синдромымен бірге инфекцияның әсерінен кейбір органдар мен тіндер қабынуы мүмкін. Олар жүрек, өкпе, қан тамырлары, бүйрек, ас қорыту жүйесі, ми, тері немесе көз.
Ғалымдар вирус жұқтырған және қабыну синдромына шалдыққан балаларда байқалған ауру белгілеріне талдау жасады. Нәтижесінде зерттеу қатысушыларының 83 процентінде "тері-шырышты өзгерістер" анықталды. Балалардың көзі, тілі ісіп, қызарған, беті мен алақандары да қызарып кеткен.
Дереккөз: Sputnik
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram