{metadescription}
2021 жылы еліміздің бірқатар жолдары ақылы болады

2021 жылы еліміздің бірқатар жолдары ақылы болады

2021 жылдың наурызынан бастап елімізде бірқатар автомобиль жолына ақы алу жүйесі енгізіледі.

Қазақстанда автокөлік жолдарының жаңа учаскелері ақылы болады. Жыл соңына дейін осындай жолдардың 5,8 мың шақырымын ашу жоспарланып отыр. Бұл туралы БАҚ-пен кездесу кезінде «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ басқарма төрағасы Ұлан Әліпов мәлімдеді. Ұлттық компания басшысы өткен жылы «ҚазАвтоЖол» ақылы жүйені енгізу үшін инвестициялық конкурс өткізгенін айтты. Оны Computer Vision Technologies жеңіп алған.

«Бірлескен консорциум болды. Тайвань компаниясы кеңесші болды және олар 11 мың шақырым жолды ақылы етуді жоспарлап отыр. Жыл соңына дейін 13 учаскені немесе 5,8 мың шақырымды іске қосу жоспарланып отыр», - деді Ұлан Әліпов.

Оның атап өтуінше, ақы алу жүйесі енгізілетін жолдарда қажетті құрылғыларды орнату-монтаждау жұмыстары аяқталды. Кейбір учаскеде жүйе ілкі режимде жұмыс істеп тұр.

«Яғни, наурыз-сәуірде ақша жинау басталады. Ондағы негізгі міндет - қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Бізде жолды күтіп ұстауға ақшаның жетіспеушілігі үлкен проблемаға айналған. Осы қаржы жетіспеушілігін ақы алу жүйесін енгізу арқылы қамтамасыз ету жоспарланған. Бұл жалпы әлемдік тәжірибе саналады», - деді Ұлан Әліпов.

Айта кетейік, 2021 жылы:

  • «Ақтөбе – РФ шекарасы (Орынборға)» 
  • «Орал – РФ шекарасы (Саратовқа)»
  • «Орал – РФ шекарасы (Самараға)» 
  • «Атырау – Доссор – Бейнеу – Ақжігіт – Өзбекстан шекарасы»
  • «Тараз – Қайнар», «Қостанай – РФ (Троицкіге)» 
  • «Павлодар – РФ шекарасы (Омбыға)
  • «Қапшағай – Талдықорған» 
  • «Нұр-Сұлтан – Қостанай» 
  • «Нұр-Сұлтан – Павлодар» 
  • «Павлодар – Семей»
  • «Орал – Ақтөбе»
  • «Ақтөбе – Қарабұтақ» жолдарында ақы алу жүйесі енгізіледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.