Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Даңғаза ақциялар мен даурықпа шаралардан бас тартамыз - Тоқаев
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздіктің 30 жылдығы халық үшін нақты істер мен жаңа жобалармен қарсы алу керек екенін айтты.
19:16 14.12.2020
Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар мен сыйлықтарды тапсыруға арналған салтанатты рәсімде мәлімдеді, деп хабарлайды Ақорда. Мемлекет басшысы жиынға қатысушыларды Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Ол Тәуелсіздіктің 29-шы жылы күрделі, қиын әрі ерекше болғанын атап өтті.
"Алдағы жыл - межелі кезең. Бұл жыл ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өтеді. Бұл өткенге көз жүгіртіп, қорытынды жасайтын уақыт. Халқымыз үшін осы маңызды датаны нақты істермен және жаңа жобалармен қарсы аламыз. Даңғаза ақциялар мен даурықпа шаралардан бас тартып, бүкіл іс нақтылыққа құрылатын болады. Экономика, әлеуметтік сала, экологиядағы жүйелі шаралардың көлемді кешенін іске асыруды жалғастырамыз. Тұрғындардың барлық топтарының, әсіресе жастар, әйелдер, мүмкіндігі шектеулі жандардың қажеттіліктеріне баса мән береміз. Біз еліміздегі саяси жаңғырту үдерісін жалғастыра береміз", - деді Президент.
Президент пандемия салдарынан еліміздің басты ұлттық мерекесін кең көлемде атап өту мүмкін болмағанын айтты. Азаматтардың денсаулығы, өмірі және әл-ауқаты бәрінен жоғары тұрады. Сондықтан барлық іс-шара шектеулі форматта және онлайн режимде өтеді. Бірақ бұл жағдай Тәуелсіздік күнінің құны мен маңызын еш төмендетпейді.
"Президент лауазымындағы менің басты міндетім – әлеуметтік әділдік және халықтың әл-ауқатын арттыру. Сондықтан мемлекеттің күнделікті іс-әрекеті азаматтарымыздың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталады", - деп мәлімдеді мемлекет басшысы.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram