Мереке күндері сауда ойын-сауық орталықтары жұмыс істей ме
Бұл сұраққа санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Роза Қожапова жауап берді.
13:35 15.12.2020
«Елдегі өңірлердің эпидемиологиялық ахуалына байланысты сауда ойын-сауық орталықтары әртүрлі тәртіппен жұмыс жүргізеді. Қазіргі таңда тек Нұр-Сұлтан қаласы ғана «қызыл» аймақта болғандықтан, елордада жексенбі күндері сауда ойын-сауық орталықтары жұмыс істемейді. Қалған күндері 18.00-ге дейін ашық болады», - деді Роза Қожапова Орталық коммуникациялық қызмет алаңында өткен брифингте .
Кеше Нұр-Сұлтан қаласы коронавирус таралуының жоғары болуына байланысты «қызыл» аймақта қалып отырғаны хабарланған болатын.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!