Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Семейде автобус жүргізушілері жолға шығудан бас тартты
Семейде автобус жүргізушілері жұмысқа шықпады.
14:04 15.12.2020
Олар жалақының төленбегеніне шағымданды. Semey Bus автопаркінің жүргізушілерімен қала әкімі Ермак Сәлімов кездесті. Семей қаласы әкімдігінің хабарлауынша, еңбек инспекциясы автопаркке автобус жүргізушілеріне жалақы бойынша қарызды өтеу қажеті туралы бірнеше рет ескерткен.
"Жұмыс берушінің берешекті өтеу туралы кезекті есебі бүгін, 15 желтоқсанда, әлеуметтік әріптестік жөніндегі үшжақты комиссия аясында өтуі тиіс еді. Жұмыс берушіге еңбек инспекциясы қарызды төлеу қажеті туралы бірнеше рет ескерткен", - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта кездесу өтіп жатқаны белгілі. Әкімдік оның қорытындысы туралы қосымша хабарлайтынын мәлімдеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram